Logo Damu
Қазақстандағы дефектологтар мен логопедтерді біріктіретін кәсіби қауымдастық
ҚАУЫМДАСТЫҚ ТУРАЛЫ
МҮШЕЛІККЕ ТІРКЕЛУ
Біз жайлы
Бірлесе дамып, бірге жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз
Біздің мақсатымыз
Біздің міндетіміз
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көрсетілетін педагогикалық-психологиялық көмектің сапасын арттыру.
Қауымдастық мүшелерінің кәсіби деңгейін көтеріп, тәжірибе алмасуына, жаңа байланыстар орнатып, кәсіби орта қалыптастыруына мүмкіндік жасау.
Заманауи методикалар мен дәлелді әдістерді түзете-дамыту сабақтарына енгізу.
Сала мамандары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, кәсіби белсенділікті арттыру және тиімді тәжірибелерді ортақ ортада дамыту.
Мүшелікке тіркелу
2023 жылдан бері — кәсіби мамандарды біріктіріп келеміз

«ЛогоДаму» – Қазақстанның әр өңірінен 10.000-нан астам логопед, дефектолог және басқа да бейінді мамандарды біріктіретін кәсіби қауымдастық.
Қауымдастықтың артықшылықтары
  • Кәсіби қайта даярлау
    Логопедтер мен дефектологтарға арналған жүйелі кәсіби білім беру бағдарламалары.
  • ⁠Біліктілікті арттыру
    Заманауи білім мен практикалық дағдыларды жетілдіруге арналған курстар, семинарлар және практикумдар.
  • Халықаралық сарапшылар
    Отандық және халықаралық деңгейдегі тәжірибелі мамандардан білім алу мүмкіндігі.

  • Ғылыми негізделген білім

    Заманауи ғылыми зерттеулерге және дәлелді тәсілдерге негізделген оқыту.
  • Практикаға бағытталған оқыту
    Нақты жағдайларды талдау, баланы бағалау, түзету мақсатын анықтау және жұмыс жоспарын құру.
  • Кәсіби супервизия
    Мамандардың нақты жұмыс жағдайларын тәжірибелі сарапшылармен бірге талдау.
  • ⁠Практикалық база
    Қауымдастықтың түзету-дамыту орталықтарында тәжірибеден өту мүмкіндігі.
  • Күшті кәсіби орта
    Қазақстанның әр өңіріндегі мамандармен тәжірибе және кәсіби байланыс орнату.
  • Көпсалалы мамандармен байланыс
    Логопедтер, дефектологтар, психологтер, нейропсихологтер, дәрігерлер және басқа да бейінді мамандармен бір кәсіби ортада жұмыс істеу.
  • ⁠Халықаралық конференциялар
    Ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер және кәсіби кездесулерге қатысу.
  • ⁠Үздіксіз кәсіби даму
    Жыл бойы семинарлар, вебинарлар, практикумдар және тәжірибе алмасу кездесулері.

  • Әлеуметтік миссия
    Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға және Қазақстанға қажетті білікті мамандарды даярлауға үлес қосу.

“
Біздің қағидамыз

Терең білім → нақты тәжірибе → кәсіби даму → балаға сапалы көмек.
LOGO DAMU
кәсіби қауымдастық
ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАР ҚҰРАМЫ
Қауымдастықтың негізін қалаушылар
МҮШЕЛІККЕ ТІРКЕЛУ
Нурахметова Шолпан Аянғалиқызы
ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД
ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД
Мырзағали Майра Болатбекқызы
ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД
Нуриддинова Бақытгүл Насирдинқызы
ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД
Таласбек
Айман Әділбекқызы
ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД
Шарапатдин Мөлдір Бауыржанқызы
ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД
Орынғалиева Гүлсара Ниязқызы
Қазақстан бойынша
өткізілген семинарлар
Қазақстанның әр өңірінде өткен кездесулер, тәжірибе алмасу алаңдары және мамандарға арналған оқыту бағдарламалары.
Қазақстан Республикасының «ЛогоДаму» дефектологтар және логопедтер Ассоциациясының алғашқы семинарына еліміздің әр өңірінен 100-ге жуық дефектолог, логопед және арнайы педагог мамандар қатысты. Семинардың басты мақсаты – сала мамандарының басын қосып, кәсіби қауымдастық құру, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру және ортақ мәселелерді бірлесе талқылайтын алаң қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында қатысушылар дефектология мен логопедия саласындағы заманауи әдістемелермен, коррекциялық жұмыстың тиімді тәсілдерімен танысып, практикалық тәжірибелерін бөлісті.
Алғашқы Съезде Ассоциацияның қызмет бағытын таныстыруға, мамандар арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға және болашақта бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға негіз қалады. Семинар нәтижесінде қатысушылар өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, дефектологтар мен логопедтердің кәсіби дамуына бағытталған ортақ мақсаттарды айқындады. Осылайша, Алматыдағы алғашқы семинар тек кәсіби тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы дефектология және логопедия саласының дамуына серпін беретін маңызды оқиға болды. Бұл іс-шара саланың біртұтас кәсіби қауымдастығының қалыптасуына және мамандардың өзара қолдау мен ынтымақтастығын нығайтуға үлкен үлес қосты.
Алматы қаласы, ақпан, 2022 жыл
ҚР оқу-ағарту министрлігі “Балаларды ерте жастан дамыту” институты,Абай атындағы ҚазҰПУ, “ЛогоДаму” ҚР дефектологтар және логопедтер ассоциациясы,“Digital Academy Elab. Asia” компаниясының арнайы ұйымдастыруымен болған республикалық СЕМИНАР–ПРАКТИКУМ сәтті аяқталды.
Теория мен практиканы ұштастырған бұл семинар Алматы қаласында Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткен болатын. Республикалық семинарды ҚазҰПУ Арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі, псх. ғыл. кан, доцент Аутаева Акбота Нурсултановна ашып беріп, алғашқы сөзді сөйлеп, барлық арнайы білім беру саласының мамандарына біліктіліктерін арттыруда сәттілік тіледі. Спикерлер қатарында: Ибатова Гаухар Биржановна “Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы мәселесі” тақарыбын ашса, Сагалиева Жанар Каукербековна “Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытудың ғылыми педагогикалық негіздері” туралы айтты, Жиенбай Ерұлан Әсентаұлы “Баланы бастан…” деген ауқымды лекция оқыды.
Алматы қаласы, сәуір, 2024 жыл
2 күндік іс-шара: Семинар-практикум + тимбилдинг
1-ші күні үлкен Конференц-залда 60 маманның басын қосқан семинар-практикумның тақырыбы: “Психологиялық функциялардың онтогенезі, нормада қалыптасуы, түрлері мен адам өміріндегі алатын рөлі, дамыту әдістері мен түзету жұмыстары” бойынша Ассоциация жетекшілері дәріс өтті.
2-ші күн. Таңғы 06.00-ден кешкі 22.00 аралығында табиғат аясына 50 маман шығып, Алматы облысының інжу-маржаны саналатын Қайыңды көлі, Көлсай, Шарын шатқалына автобус жалдап - бір команда болып демалыс ұйымдастырылды. Демалыс барысында, танысу, ойындар, психологтың қолдауы, жаңа жерлермен танысып қайттық.
Мақсаты: Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көрсетілетін педагогикалық -психологиялық көмектің сапасын арттыру, ассоциация мүшелігіндегі мамандардың кәсіби деңгейін көтеру. Мамандардың өзара тәжірбие алмасуына жағдай жасау, бір-бірімен жақын танысып, нетворкинг құру Міндеті: заманауи методикаларды енгізу, дәлелді әдістер мен нәтижелі тәсілдерді түзете-дамыту сабақтарына қосу, сала мамандарымен өзара ынтымақтастықты нығайту, жұмысымызға деген белсенділікті арттыру, ішкі туризмді дамыту.
Алматы облысы,
тамыз, 2025 жыл
“ҮЗДІК ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД” БАЙҚАУЫ
 Қазақстан Республикасының ЛогоДаму дефектологтар жəне логопедтер ассоциациясы, «Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық университ», Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесімен бірлесе ұйымдастыруымен өткен дефектолог, логопед мамандар даярлайтын жоғары педагогикалық оқу орындары мен колледж оқытушылары, мектепке дейінгі ұйым дефектологтары мен логопедтері арасында«ҮЗДІК ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД» атты республикалық байқауы өтті.
 Байқау номинациялары:
1) «Үздік ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД» номинациясы;
2) «Үздік ДЕФЕКТОЛОГ» номинациясы; ;
3) «Үздік ЛОГОПЕД» номинациясы;
4) «Шығармашыл маман» номинациясы;
5) «Шебер маман» номинациясы;
6) «Инноватор маман» номинациясы;
7) «Шығармашыл маман» номинациясы;
8) «Білікті маман» номинациясы;
9) «Ізденімпаз маман» номинациясы;
Астана қаласы,
қаңтар, 2025 жыл
«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИННОВАТОР МАМАН» КОНКУРСЫ
Қазақ логопед-дефектологтар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Республикалық инноватор маман» конкурсы өтті.
Аталған семинар-байқау жай ғана кәсіби сайыс емес, дефектология және логопедия саласы мамандарының тәжірибе алмасуына, инновациялық идеяларын ұсынуына және кәсіби өсуіне арналған маңызды алаң болды.
Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам логопед пен дефектолог қатысып, ортақ мақсат жолында бас қосты, білімдерін жетілдірді. Конкурс аясында 7 үздік қатысушы өз тәжірибесіне негізделген, практикада дәлелденген инновациялық әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Әр ұсынылған әдіс-баланың дамуына бағытталған нақты шешім, ал әрбір баяндама-маманның кәсіби жауапкершілігі мен ізденісінің айқын көрінісі болды.
Іс-шараның негізгі мақсаты-дефектология және логопедия саласындағы заманауи әдістерді насихаттау, мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, инновациялық тәжірибелерді жүйелеу және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Астана қаласы,
қаңтар, 2026 жыл
Батыс Қазақстан облысының мамандарын жинаған үлкен Конференц-залда 50 маманның басын қосқан семинар-практикумның тақырыптары: Дефектологиялық диагноздар, бұзылыстарды ажырату, диагностика барысы, сенсорлық бұзылыстардың онтогенезі, АВА терапия туралы кеңінен айтылды. Бұзылыстарды заманауи әдіс-тәсілдер арқылы түзету жұмыстарын Ассоциация жетекшілері жиналған мамандарға дәріс өтті.
Мақсаты: Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көрсетілетін педагогикалық -психологиялық көмектің сапасын арттыру, ассоциация мүшелігіндегі мамандардың кәсіби деңгейін көтеру. Мамандардың өзара тәжірбие алмасуына жағдай жасау, бір-бірімен жақын танысып, нетворкинг құру Міндеті: заманауи методикаларды енгізу, дәлелді әдістер мен нәтижелі тәсілдерді түзете-дамыту сабақтарына қосу, сала мамандарымен өзара ынтымақтастықты нығайту, жұмысымызға деген белсенділікті арттыру, тіл мәселесін жою және мамандардың біліктілігін арттыру.
Ақтау қаласы, маусым, 2022 жыл
“ҮЗДІК ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД” БАЙҚАУЫ
Қазақстан Республикасының ЛогоДаму дефектологтар жəне логопедтер ассоциациясы, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті», Шымкент қаласы білім басқармасының «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекетік мекемесімен бірлесе ұйымдастыруымен өткен дефектолог, логопед мамандар даярлайтын жоғары педагогикалық оқу орындары мен колледж оқытушылары, мектепке дейінгі ұйым дефектологтары мен логопедтері арасында«ҮЗДІК ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД» атты республикалық байқауы өтті.
Байқау номинациялары:
1) «Үздік ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД» номинациясы;
2) «Үздік ДЕФЕКТОЛОГ» номинациясы; ;
3) «Үздік ЛОГОПЕД» номинациясы;
4) «Үздік эксперименталист» номинациясы;
5) «Креативті маман» номинациясы;
6) «Шебер маман» номинациясы;
7) «Инноватор маман» номинациясы;
8) «Шығармашыл маман» номинациясы;
9) «Ізденімпаз маман» номинациясы;
10) «Білікті маман» номинациясы;
Шымкент қаласы, қаңтар, 2023 жыл
Оңтүстік Қазақстан облысының мамандарын жинаған үлкен Конференц-залда 60 маманның басын қосқан семинар-практикумда алты жетекші маман білім мен тәжірбиесімен бөлісті. Ауқымды іс-шараның тақырыбы: “Логопедиялық диагноздарды ажырату, диагностика барысы, тіл тежелістерінің түрлері, жалпы сөйлеу тілінің кешеуілдеуі, ринолалия бойынша заманауи әдіс-тәсілдермен түзету жұмыстары” туралы Қауымдастық жетекшілері дәріс өтті.
Мақсаты: Тілдік тежелісі бар балаларға көрсетілетін педагогикалық -психологиялық көмектің сапасын арттыру, Ассоциация мүшелігіндегі мамандардың кәсіби деңгейін көтеру. Мамандардың өзара тәжірбие алмасуына жағдай жасау, бір-бірімен жақын танысып, бір орта қалыптастыру. Міндеті: заманауи методикаларды енгізу, дәлелді әдістер мен нәтижелі тәсілдерді түзете-дамыту сабақтарына қосу, сала мамандарымен өзара ынтымақтастықты нығайту, жұмысымызға деген белсенділікті арттыру, тіл мәселесін жою және мамандардың біліктілігін арттыру.
Түркістан қаласы,
тамыз, 2024 жыл
Нурахметова Шолпан Аянғалиқызы

ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД
  • ҚР дефектологтар және логопедтер қауымдастығының жетекшісі.
  • “LOGOPED” сөйлеуді дамыту орталықтар желісінің директоры
  • “Балам сөйлесін десеңіз”, “Ерекше балаларды әлеуметтендіру”, “Сөйлеуді дамыту” кітаптарының авторы
Мырзағали Майра Болатбекқызы

ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГ,
  • Қазақстан Республикасы логопедтер мен дефектологтар қауымдастығының құрылтайшысы,
  • “ШыңдАл” түзете-дамыту орталықтар желісінің басшысы
  • “Өз-өзіне логопед” мобильдік қосымшасының авторы
Нуриддинова Бақытгүл Насирдинқызы

ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГ,
  • Қазақстан Республикасы логопедтер мен дефектологтар қауымдастығының құрылтайшысы,
  • “INDIGO BALA” Гумандық педагогика және логопедия орталығының басшысы
Таласбек Айман
Әділбекқызы

ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД,
  • Педагогика ғылымдарының магистрі, PhD докторант
  • ҚР дефектологтар және логопедтер қауымдастығының жетекшісі.
  • “Sőile” түзете-дамыту орталықтар желісінің директоры
  • “Сөйле балақай” ерте жастан балаларды дамыту альбомының авторы
Шарапатдин Мөлдір Бауыржанқызы

ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД
  • Педагогика және психология ғылымдарының магистрі
  • ҚР дефектологтар және логопедтер қауымдастығының құрылтайшысы.
  • “Тәтті тіл” түзете-дамыту орталығының директоры
Орынғалиева
Гүлсара Ниязқызы

  • ⁠Ақтөбе, Алматы “Soileu Ortalygy “ дамыту орталығы негізін қалаушы
  • Арнайы педагог (дефектолог)
  • Арнайы педогогика PhD докторанты
  • ҚР дефектологтар және логопедтер қауымдасытығының құрылтайшысы
Аймақтар бойынша
координаторлар
МҮШЕЛІККЕ ТІРКЕЛУ
Мухамеджанова
Жания бағланқызы
Рахимбаева
Гулмира
Жолжаксиновна
Ахметова
Халида
Анваровна
Салыбекова
Гулзира
Ашимқызы
Ғинат
Айторғын
Ерболатқызы
Амангелдина
Ақерке сәрсенбекқызы
Амангелдина Ақерке Сәрсенбекқызы

  • Ұлытау облысы бойынша ҚР дефектологтар мен логопедтер ассоциациясының координаторы.
  • Жаңаарқа ауданында LOGO түзете-дамыту орталығының негізін қалаушы, дефектолог логопед.
  • Instagram: akerke.a.s
Ғинат Айторғын
Ерболатқызы

  • Атырау облысы ҚР дефектологтар мен логопедтер ассоциациясының координаторы.
  • «Тұлға» дамыту орталығының басшысы, дефектолог логопед.
  • Instagram: Aitorgyn_yerbolatkyzy
Салыбекова Гүлзира Ашимханқызы

  • ҚР дефектологтар мен логопедтер ассоциациясының Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша координаторы.
  • «Патша бала» логопедиялық орталығының жетекшісі, дефектолог логопед.
  • Instagram: logoped_patsha_bala
Аметова Халида
Анваровна

  • Алматы облысы бойынша ҚР дефектологтар мен логопедтер ассоциациясының координаторы.
  • №61 ЖББМ мұғалім-логопед.
  • «Логопедия» жеке кабинет басшысы.
  • Instagram: halida.logoped
Рахымбаева Гулмира Жолжаксиновна

  • ⁠Қарағанды облысы ҚР дефектологтар мен логопедтер ассоциациясының координаторы.
  • №17 ЖББМ мұғалім-логопед.
  • «Qadam ortalygy» — директоры.
  • Instagram: rahimbaeva.gulmira
Мухамеджанова Жания Бағланқызы

  • ⁠Маңғыстау облысы бойынша ҚР дефектологтар мен логопедтер ассоциациясының координаторы.
  • «Айналайын» арнайы түзету-дамыту балабақшасының директоры, психолог.
  • Instagram: @ainalaiyn_balabakshasy_aktau
Ассоциацияға қосылу – кәсіби дамуды жүйелі түрде қолдайтын тиімді мүмкіндік.

Мүшелікке тіркелу
1. Ай сайынғы онлайн оқыту
Әр ай сайын түрлі бағыттағы (психиатр,невролог,визажист,және т.б.) тәжірибелі мамандардың қатысуымен Zoom форматында білім беру кездесулері ұйымдастырылады.

2. Аймақтық кәсіби орта
Қазақстанның әр өңірінде ассоциация координаторлары арқылы офлайн кездесулер, тәжірибе алмасу алаңдары және кәсіби іс-шаралар мүшеліктегілерге тегін өткізіледі.

3. Семинарларға жеңілдіктер
Ассоциация құрылтайшылары ұйымдастыратын ақылы офлайн семинарлар мен тренингтерге 20–30% көлемінде жеңілдік қарастырылған.

4. Халықаралық тәжірибеге қолжетімділік
Шетелдік жетекші мамандардан білім алу, заманауи әдістермен танысу және кәсіби құзыреттілікті арттыру мүмкіндігі ұсынылады. (Әр жылда шетелден білім алу)

5. АМАНАТ ПАРТИЯСЫНЫҢ
Бастауыш партия ұйымының құрамында болу. Партия аясында жүргізілетін іс-шараларға қатысу

6.⁠ ⁠⁠Семинар-практикумдарда
өз тәжірибесімен бөлісу мүмкіндігі болады

7.⁠ ⁠⁠”Үздік маман”, “Инноватор маман” байқауларына қатысу арқылы, өз инновациялық жобаларын таныстыра алу мүмкіндігі

* Бұл жарна: 1 жылға жарамды.
Әр жыл сайын 50 мың тг төлеп создырып отырасыз,ары қарай мүмкіндіктер жылда жоспарлар мен өзгерістер болып отырады!
50 000₸

© 2026 LOGO DAMU. Барлық құқықтар қорғалған.
Қазақстан Республикасының логопедтер мен дефектологтар қауымдастығы
Made on
Tilda